ШЫМКЕНТ «АМАНАТ» ҰСТАНЫМДАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

?ШЫМКЕНТ «АМАНАТ» ҰСТАНЫМДАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін 4 мамыр күні «Аманат» Азаматтық Платформасының Шымкент қаласындағы штабының кездесуі болып өтті.Кездесу барысыда Шымкент штабының жетекшісі Ербол Дайрашұлы штаб мүшелерін таныстырып, алдағы жұмыс барысын пысықтады. Жиынға «Шымкент қаласы Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Жұмағали Білісбеков қатысты.

– Азаматтық алаңның мақсаты — алдағы өткелі жатқан сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу. «Аманат» азаматтық алаңы — бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық қоғам белсенділері кірді, — деді штаб жетекшісі.

Бұдан соң штабтың аудандағы өкілдеріне сайлау барысында мониторинг жасаудың тәртібі түсіндірілді. Сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленген.

Еске салсақ, бүгінгі таңда Шымкент қаласында 45 ҮЕҰ бар. Жалпы 9 маусым күні Шымкентте 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Aptanews Kz©

#5amanat
#5аманат #Сайлау2019

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *