«АМАНАТ» ОРАЛДА ДА ҚОЛДАУШЫЛАРЫН ТАПТЫ

?»АМАНАТ» ОРАЛДА ДА ҚОЛДАУШЫЛАРЫН ТАПТЫ

Бүгін Орал қаласындағы «Аманат» Азаматтық Платформасының жұмысына қатысты жиналыста БҚО бойынша өкілдік жетекшісі Асхат Окшебаев штаб мүшелері таныстырылып, алда атқарылатын жұмыс барысы туралы сөз қозғады «Аманат» азаматтық алаңы сайлауға қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған болатын. Оның құрамына жұртшылық, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық белсенділер кірді.

. Бұл тұжырымдаманың ойдағыдай жүзеге асуы үшін облыстағы қоғамдық ұйымдардың да белсенділігі артып отыр. «Қазіргі кезде барлық ауданда штаб жұмысын жүргізетін өкілдер жасақталуда. «Аманат» азаматтық алаңына белсенділерді кеңінен тартуды көздеп отырмыз. Яғни, сайлаушылар үміткерлерге ұсыныс-тілектерін, өтініш-талаптарын жеткізе алатындай ақпарат алмасу арнасы құрылса дейміз.

Сонымен қатар азаматтардың пікірлерін ескере отырып, олардың сайлау нәтижелеріне сенімін қалыптастыру маңызды. Осы орайда «Аманат» азаматтық алаңы барлық өңірлерде жедел жұмыс жасау үшін халықаралық ұйымдармен, ОСК, жергілікті жерлердегі сайлау комиссияларымен, Жоғарғы сот, Бас прокуратурамен, жергілікті атқарушы органдармен, кандидаттардың сайлауалды штабтарымен тығыз байланыс орнатпақшы», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Өкшебаев.


Қазақпарат©

#5amanat
#5аманат #Сайлау2019

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *